Маңғыстау облысында әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен танымал блогер қамауға алынды, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Қытайдан премиум санаттағы ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы нарықтағы бағадан едәуір арзанға жеткізуді жарнамалаған. Жарнамаға 360 мыңнан астам оқырманы бар аккаунт тартылған.
Азаматтар тауар ақысын жеке кәсіпкердің шотына аударғанымен, тапсырыстар жеткізілмеген. Тергеу нұсқасы бойынша, түскен қаражат жеке мақсаттарға жұмсалған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.