Алматыдағы таунхауста жарылыс: екі бала зардап шегіп, екі пәтер бүлінді

Алматыдағы таунхауста жарылыс: екі бала зардап шегіп, екі пәтер бүлінді
ашық дереккөзден

Алматының Медеу ауданындағы үш қабатты таунхауста газ-ауа қоспасы жарылып, екі пәтер мен автокөлік зақымданды. Оқиға салдарынан екі бала жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға 22 қазанда Қаппаров көшесінде болған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, жарылысқа табиғи газдың шығуы себеп болуы мүмкін.

Алдын ала мәлімет бойынша, 11 және 9 жастағы екі бала жеңіл жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден кейін үйлеріне жіберілген.

Жарылыс салдарынан екі пәтер бүлініп, тағы бір автокөлікке зақым келген. Оқиға болған аумақтың көлемі 75 шаршы метрді құрады.

Қазіргі уақытта жауапты қызметтер жарылыстың нақты себебі мен өзге де мән-жайларын анықтап жатыр.