Бүгін валюта бағамы қандай болды?

Бүгін валюта бағамы қандай болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

22 қазанда Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысында доллар арзандап, еуро мен Ресей рублі қымбаттады. АҚШ валютасының орташа сараланған бағамы 448,09 теңге болды, деп хабарлайды ult.kz.

Сағат 17:00-дегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 21 тиынға төмендеп, 448,09 теңгені құрады.

Күндізгі саудада, сағат 15:30-да АҚШ валютасының бағамы 447,94 теңгеге дейін түскен. Кейін сәл көтерілгенімен, күн қорытындысында теңге долларға қатысты нығайды. 

Еуро мен рубль қымбаттады

Еуроның орташа сараланған бағамы 7 тиынға өсіп, 503,19 теңгеге жетті. Ресей рублі шамамен 6 тиынға қымбаттап, 5,52 теңге болды.

Ал келесі күні есеп айырысатын мәмілелер бойынша Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 67,22 теңгені құрады. 

23 қазанға ресми бағам белгіленді

Ұлттық банк 23 қазанға арналған ресми валюта бағамдарын жариялады. Бір АҚШ доллары — 447,94 теңге, еуро — 502,32 теңге, Ресей рублі — 5,52 теңге, Қытай юані — 67,12 теңге болып белгіленді. Доллардың ресми бағамы KASE-дегі сағат 15:30-да қалыптасқан орташа сараланған көрсеткіш негізінде келесі жұмыс күніне бекітіледі.