23 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, боран соғады және көктайғақ болады. Шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қалың қар күтіледі, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Түнде −3…−5, күндіз 0…+2 градус болады. Алматыда түнде жаңбыр мен жылбысқы қар жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0…+2, күндіз +8…+10 градус. Шымкентте жауын-шашынсыз, түнде +3…+5, күндіз +16…+18 градус болады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, боран мен көктайғақ күтіледі. Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да қар жауып, жолдар тайғақ болады. Алматы мен Жетісу облыстарының таулы аудандарында қалың қар жауады. Алакөл маңында желдің екпіні күндіз 30 м/с-қа жетіп, кейде одан да асады.
Қызылорда мен Маңғыстау облыстарының кей бөліктерінде шаңды дауыл соғады. Түркістан облысында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жауын-шашын күтілмейді.