Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Владимир Путинмен кездесуі барысында Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтата тұруды ұсынып, оның табиғатының әлі де көпшілікке түсініксіз екенін айтты, деп хабарлайды ult.kz.
«Мен ең басынан-ақ бұл мемлекетаралық қақтығыс екенін айтып келемін. Бұл – мемлекетаралық қақтығыс. Мұнда қандай да бір азаматтық соғыс туралы сөз болып отырған жоқ. Біз әрдайым украин халқына, оның мәдениеті мен тіліне құрметпен қарадық. Бұл қақтығыстың табиғаты көпшілікке, оның ішінде бізге де толық түсінікті емес деп есептеймін», – деді президент.
Мемлекет басшысы мысал ретінде Әзербайжан мен Армения арасындағы қақтығысты келтіріп, оның тарихи себептері мен шығу тегі айқын болғанын атап өтті. Ал Украинадағы жағдай, оның айтуынша, әлдеқайда күрделі көрінеді.