Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстан әйелдер құрамасын құттықтады, деп хабарлайды ult.kz.
Президент құттықтауында Бибісара Асаубаева бастаған қазақстандық шахматшылардың турнирде бірде-бір рет жеңілмегенін атап өтті.
Қазақстан құрамасы тек Қытай командасына жол беріп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев отандық шахматшылардың бұған дейінгі жетістігін қайталағанына да назар аударды. 2024 жылы Будапештте өткен шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы да күміс жүлдеге ие болған.
Президенттің айтуынша, бұл нәтиже қазақстандық спортшылардың жоғары деңгейін, таланты мен еңбексүйгіштігін көрсетеді.
Мемлекет басшысы шахматшы қыздарға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында қатарынан екінші рет күміс медальдарды жеңіп алды.