Ұлттар лигасы С3 тобының бесінші турындағы кездесу Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтіп, алаң иелерінің 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды ult.kz.
Молдова құрамасының шабуылшысы Петру Попеску дубль авторы атанды. Қазақстан құрамасы сапындағы жалғыз голды вингер Ислам Чесноков соқты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында әзірге бірде-бір жеңіске жете алмады. Екі ұпай жинаған нидерландтық маман Джон ван 'т Схип жаттықтыратын команда топта төртінші, яғни соңғы орында тұр.
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы кездесуін 16 қарашада Астанадағы «Астана Арена» стадионында Словакияға қарсы өткізеді.