Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстандағы күрес турнирінің финалында екі ағайынды өзара белдесті

Қазақстандағы күрес турнирінің финалында екі ағайынды өзара белдесті
Фото: AZƏRTAC

Шымкентте грек-рим күресінен өткен халықаралық турнирдің финалында екі туған ағайынды чемпиондық атаққа таласты. Нәтижесінде Әзербайжан балуандары Давуд пен Джавад Мамедов алтын және күміс медальді өзара бөлісті, деп хабарлайды ult.kz Report.az-ға сілтеме жасап.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен шешуші белдесуде ағайынды Мамедовтер кездесті. Нәтижесінде Давуд қарсыласын 3:1 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал Джавад күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, халықаралық жарыс еңбек сіңірген жаттықтырушы, академик Мардан Сапарбаевты еске алуға арналды. Әзербайжан спортшылары турнирге жастар құрамасының (U-20) жаттықтырушысы Акиф Әлиевтің жетекшілігімен қатысты.