Құрылтайда жасанды интеллект негізіндегі «Ақылтай» робот-көмекшісі іске қосылды. Бұл туралы Құрылтайдың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Жаңа цифрлық көмекші Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті аясында әзірленді. Оны құрастыру жұмыстары шамамен 3–4 аптаға созылған.
Енді «Ақылтай» Құрылтай ғимаратына келген қонақтарға және депутаттарға ақпарат беріп, олардың сұрақтарына жауап береді.
Бұл - заманауи технологияларды заң шығару органының күнделікті жұмысына енгізу және ақпаратқа қолжетімділікті арттыру бағытындағы жаңа қадам.