Қазақстан - шахмат Олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері

Қазақстан - шахмат Олимпиадасының екі дүркін күміс жүлдегері
КФШ

Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасында қатарынан екінші рет күміс медальдарды жеңіп алды. 46-шы шахмат Олимпиадасының қорытынды, 11-турында біздің қыздар Польша құрамасымен 2:2 есебімен тең түсіп, турнирді екінші орында аяқтады, деп хабарлайды ult.kz.

Әйелдер секциясының жеңімпазы Қытай құрамасы атанды. Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші олимпиадалық күміс. Біздің қыздар алғаш рет 2024 жылы Будапештегі 45-ші шахмат Олимпиадасында пьедесталдың екінші сатысына көтерілген болатын.

Екі жылдан кейін Қазақстан осы нәтижені Самарқандта қайталады. Құрама құрамында: Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрман, Меруерт Қамалиденова, Елназ Қалиахмет және Зарина Нұрғалиева өнер көрсетті. Капитан — Павел Коцур