Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Өзінің кім екенін білмейді”: Олжас Абай Рүстем Жаныаманов туралы пікір білдірді

“Өзінің кім екенін білмейді”: Олжас Абай Рүстем Жаныаманов туралы пікір білдірді
Фото: нейрожелі арқылы жасалды

Актер Олжас Абай әріптесі Рүстем Жаныамановтың шығармашылық әлеуетіне тоқталып, онымен ауқымды жобалар жасауға болатынын айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Оның пікірінше, Жаныамановтың ой-өрісі кең болғанымен, мінез жағынан жетіспейтін тұстары бар.

“Рүстем Жаныамановта интеллект бар. Бірақ мінез аз. Онымен үлкен жұмыстар жасауға болады. Ол өзін әлі таппады. Ол өзінің кім екенін білмей жүр”, – деді Олжас Абай.

Сондай-ақ актер әріптесіне бірге жұмыс істейтін жақсы серіктес қажет деп есептейді.

“Адам адамға ғана әсер ете алады. Жалғыз өзің шығып, “маған қараңдар” дей бермейсің ғой. Оған жақсы партнер табылуы керек”, – деді ол.

Айта кетейік, Олжас Абай анасының Дариғаны келін ретінде қалай қабылдағанын айтты.

Рүстем Жаныаманов кім?

Рүстем Жаныаманов — қазақстандық театр және кино актері. Көпшілікке “Келінжан” телехикаясындағы Қылышбек рөлімен танылған.

Өнер иесінің айтуынша, осы кейіпкерден кейін киноға, жарнамаға түсуге ұсыныстар көбейіп, актер ретінде сұранысы артқан.

Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған.

Бастапқыда суретші болуды ойлағанымен, ұстазы Есім Сегізбаевтың кеңесімен актерлік мамандықты таңдаған. Жұбайы Жанаргүл Жаныаманова да — актриса. Екеуі өнер академиясында оқып жүргенде танысқан.