Әнші Сәкен Майғазиев Мақсат Базарбайды 50 жасқа толуымен құттықтап, екеуінің достығы туралы жазды, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі желідегі парақшасында ел арасындағы түрлі әңгімеге қарамастан, досымен сыйластығына сызат түспегенін жеткізді.
“Ақ Мәкем, біз туралы өсек-аяң көп. Ол біздің берік достығымызға кедергі емес. Қуанышымызда да, қиындығымызда да бір-біріміздің қасымыздан табыла білетініміз бірінші Аллаға, сосын бізге аян. Сызат түспеген сыйластығымыз тағы елу жылға жалғассын! 50 жасың құтты болсын, досым! Отбасыңа амандық, шығармашылығыңа шабыт тілеймін. Құшақтадым!” – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Желі қолданушылары да құттықтауға қосылып, Мақсат Базарбайға ақ тілектерін арнады.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев Мейрамбекті 50 жасымен құттықтады.
Мақсат Базарбаев кім?
Мақсат Базарбаев — қазақстандық эстрада әншісі, “МузАРТ” тобының алғашқы құрамында өнер көрсеткен орындаушылардың бірі.

Ол 1976 жылғы 14 қарашада Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Кенен Әзірбаев атындағы ауылда дүниеге келген.
Өнер жолында “Бауыржан шоу” театрында әнші әрі актер болып еңбек еткен.

2001 жылы Мейрамбек Беспаев және Сәкен Майғазиевпен бірге “МузАРТ” тобын құрып, көпшілікке танылды. Топ құрамында төрт жыл өнер көрсетіп, 2005 жылы жеке шығармашылыққа бет бұрды. Тыңдарманға “Дүнген қызы” әнімен де таныс.