Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Теміртауда жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, жүргізушісі қаза тапты

Теміртауда жолаушылар автобусы ағашқа соғылып, жүргізушісі қаза тапты
бейнежазбадан алынған кадр

Теміртау қаласында жолаушылары бар автобус қозғалыс кезінде ағашқа соғылды. Оқиға салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды. Жолаушылар зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті хабарлады, деп жазады ult.kz.

Полиция мәліметінше, 14 қараша күні сағат 10:30 шамасында Yutong маркалы жолаушылар автобусы ағашқа соғылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус тізгінінде болған 64 жастағы жүргізушінің жол үстінде кенеттен жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Соның салдарынан көлік басқарудан шығып, ағашқа соғылған. Жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.

Автобус салонында шамамен 15 жолаушы болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Теміртау қалалық полиция басқармасы Шығыс полиция бөлімінің бастығы Талғат Оспановтың айтуынша, аталған жол-көлік оқиғасы тіркеліп, қазіргі уақытта оның барлық мән-жайы анықталып жатыр.