Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

16 қарашада ауа райы қандай болады?

16 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

16 қарашада Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік-батыста түнде жауын-шашын күшейеді. Қалған аумақта жауын-шашын күтілмейді. “Қазгидромет” болжамынша, бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді, батыс пен солтүстік өңірлерде көктайғақ болады, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болжанғанымен, түнде жолдар тайғақ болып, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Температура түнде –1…–3, күндіз 0…+2 градус болады. Алматыдатүнде кей уақытта қар жауып, тұман түседі, күндіз жауын-шашын тоқтайды. Түнде –5…–7, күндіз +2…+4 градус күтіледі. Шымкентте жауын-шашын болмайды, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +1…+3, күндіз +12…+14 градусқа жетеді. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі. Ақтөбе облысында жауын-шашын болып, түнде солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Қостанай облысының батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Бұл екі өңірде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. 

Ақмола облысының бірқатар ауданында түнде қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар күтіледі. Павлодар облысының батысында, шығысы мен орталығында тұман түседі. Қарағанды және Ұлытау облыстарының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман болып, кей аудандарында жел күшейеді. Абай облысының солтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында да тұман күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығы мен таулы аумақтарында тұман түседі. Таулы жерлерде және Алакөл маңында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Жамбыл облысында тұман түсіп, күндіз жел екпіні секундына 25 метрге дейін күшейеді. Түркістан облысының батысы, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман, солтүстігінде екпінді жел күтіледі. Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды, кей аудандарында тұман түсіп, күндіз жел күшейеді.