Әнші Медеу Арынбаев марқұм жұбайы Айгүлге берген уәдесі мен неліктен қайта үйленбегені туралы айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесінің сөзінше, ол Айгүлді алғаш кездестіргенде-ақ болашақ жары екенін сезген. Жұбайы өмірден ерте өткен соң, екі баласын өзі тәрбиелеп өсірген.
Әншінің жадында жарының соңғы сәттері әлі сақтаулы. Айгүлдің өзіне ұзақ қарап, күлімсірегенін ол балаларын аманаттағандай қабылдағанын жеткізді.
Жақындары әншіге қайта шаңырақ көтеруге кеңес берген. Алғашында мұндай әңгімелер көңіліне тигенімен, кейін әзілмен жауап беруді әдетке айналдырған.
“Мен екі рет үйленіп, ажырасқан адаммын ғой”, – деп қалжыңдайтынын айтқан Медеу Арынбаев. Яғни бұл сөз әншінің екі рет некеге тұрғанын білдірмейді, қайта үйлену туралы сұрақтарға әзілдеп берген жауабы екен.
Өнер иесі Айгүлге берген уәдесінде тұрғанын атап өтті. Оның түсінігінде, махаббаттың тірегі – сенім. Екі адам бір-біріне сенгенде ғана сезімін сақтап қала алады деп есептейді. Жарына деген ықыласы жылдар өтсе де бәсеңдемегенін айтқан әнші үшін уәдеге беріктік пен адалдықтың орны бөлек.
Айта кетейік, Олжас Абай Рүстем Жаныаманов туралы пікір білдірді.
Медеу Арынбаев кім?
Медеу Уәлиханұлы Арынбаев – әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол 1967 жылы 5 наурызда қазіргі Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Дарбаза ауылында дүниеге келген. Қазақ эстрадасында өзіндік орындау мәнерімен, лирикалық әндерімен танылған.

Өнер иесі 1997 жылы құрылған “АБК” триосының құрамында Қыдырәлі Болманов және Ерлан Көкеевпен бірге ән шырқаған. Кейін жеке шығармашылығын жалғастырып, тыңдарманға “Бәрі есімде” секілді әндерімен танылды. Репертуарында Нұрғиса Тілендиев пен Шәмші Қалдаяқовтың туындылары да бар.

Әншінің “Өткен жылдар маржандары” және “Арнадым әнімді” атты альбомдары жарық көрген. Ол 2002 жылы “Алтын адам” ұлттық сыйлығын иеленіп, 2015 жылы “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағын алған.