Бүгін, 15 қарашада Ұлттық банктің ресми бағамы бойынша бір АҚШ доллары 444,30 теңге болды. Еуро — 490,91 теңге, Ресей рублі — 5,41 теңге, Қытай юані 66,59 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды ult.kz.
Қазақстан қор биржасындағы 13 қарашадағы соңғы кешкі саудада доллардың орташа бағамы 80 тиынға өсіп, 444,40 теңгеге жетті. Еуро 86 тиынға қымбаттап, 492,45 теңге болды. Биржалық көрсеткіштер Ұлттық банктің ресми бағамынан ерекшеленеді.
Астананың айырбастау орындарында доллар орта есеппен 442,04 теңгеден сатып алынып, 448,98 теңгеден сатылған. Алматыда сатып алу бағасы 445,39 теңге, сату бағасы 447,49 теңге болды. Шымкентте долларды орташа 445,12 теңгеден қабылдап, 447,91 теңгеден ұсынған.
Еуроның сату бағасы Астанада орта есеппен 499,97 теңге, Алматыда 497,55 теңге, Шымкентте 496,44 теңге болды. Ал Ресей рублі аталған қалаларда тиісінше 5,35 теңге, 5,29 теңге және 5,25 теңгеден сатылған. Айырбастау орындарындағы бағам күн ішінде өзгеруі мүмкін.