Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Арзан көлікке алданған бес адам 41 миллион теңгесінен айырылды

Арзан көлікке алданған бес адам 41 миллион теңгесінен айырылды
Автокөлік лизингі жеке тұлғалар үшін қолжетімді болады

Көкшетауда 40 жастағы тұрғын бес танысын аукционнан арзан көлік алып беруге уәде етіп, 41 миллион теңгеден астам ақшаға алдап кеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, ер адам 2023 жылдан бастап Астанадағы аукционнан тиімді бағамен көлік әперетінін айтып, таныстарының сеніміне кірген. Ол төлемді бөліп жасауға мүмкіндік ұсынып, алдымен бастапқы жарна алған.

Жәбірленушілердің бірі күдіктіге 11 миллион 559 мың теңге берген. Алайда үш жыл ішінде бес адамнан ақша алған ер адам уәдесін орындамай, қаражатты қайтармаған.

Азаматтар полицияға арызданған соң, күдікті іздеуге жарияланған. Қазір ол ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Полиция азаматтарды көлік сатып алу кезінде мәмілені ресми рәсімдеп, ақшаны растайтын құжаттар арқылы ғана аударуға шақырады.