Қарағанды облысында екі айға жуық уақыт бойы із-түзсіз жоғалған 38 жастағы Ирина Керннің мәйіті табылды. Әйелді өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция мәліметінше, марқұмның денесі 13 қарашада Теміртаудан 22 шақырым қашықтықтағы аумақтан табылған. Сараптама барысында зорлықпен өлтірілгені анықталған.
Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адам қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша кісі өлтіру бабы негізінде соталды тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, Ирина жоғалып кеткеннен кейін туыстары оны өз бетінше іздеген. Олар әйелдің таныстарына хабарласып, болуы мүмкін жерлерді тексерген. Алайда оның жоғалғаны туралы полицияға ресми арыз тек 2 қазанда түскен.
Марқұмның артында үш баласы қалды.