Жылдам әрі мол табысқа кенелуді көздеген Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны алаяқтардың арбауына түсті. Ол трейдингке инвестиция салу туралы ұсынысқа сеніп, банктен несие алып, 1,9 млн теңгесін аударған, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, өзін инвестор ретінде таныстырған азамат Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны болған. Алайда тараздық уәде етілген пайдаға қол жеткізбеген, тіпті салған ақшасын да қайтара алмаған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Ақтөбе қаласында алаяқтықтың 29 дерегі бойынша жүргізілген тергеу аясында ұсталған. Қазір оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.