Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Мүфтият: «Ахи» демей, «бауырым» деп сөйлеген жөн

Мүфтият: «Ахи» демей, «бауырым» деп сөйлеген жөн
Мешітте бір реттік неке ұсынған: ҚМБД өкілі пікір білдірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті қарым-қатынаста араб сөздерінің орнына қазақша атауларды қолдануға шақырды, деп хабарлайды ult.kz.

Мүфтият мамандарының айтуынша, құлшылық кезінде араб тіліндегі дұғалар мен зікірлердің орны бөлек. Ал күнделікті өмірде «ифтар», «сухур» сөздерінің орнына «ауызашар», «сәресі» деген қазақша атауларды қолданған жөн.

Сондай-ақ «ахи», «ухти», «брат», «сестра» сөздерінің орнына «бауырым», «ағам», «әпкем», «қарындасым» деп сөйлеген дұрыс екенін еске салды.

Мүфтият өкілдері «таң», «бесін», «екінті», «ақшам», «құптан» атауларының да қазақ тілінде қалыптасқанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Президент діни ұғымдарға қатысты байырғы қазақ сөздерінің орнына арабша атауларды жиі қолдану мәселесін көтерген болатын.