«Осындай ата-ене бұйырсын»: Қайраттың ата-анасы келініне тосынсый жасады

«Осындай ата-ене бұйырсын»: Қайраттың ата-анасы келініне тосынсый жасады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер кенже келініне су жаңа iPhone сыйлап, көпшіліктің жылы лебізіне ие болды. Келініне ерекше көңіл бөліп, қуантқан ата-ененің тосынсыйы желі қолданушыларын сүйсіндірді, деп хабарлайды ult.kz.

Желіде тараған сәтке пікір білдірген оқырмандар ерлі-зайыптының келініне көрсеткен ықыласын жоғары бағалаған. Олар сыйлықтан бөлек, отбасындағы сыйластық пен үлкендердің қамқорлығына назар аударды.

«Осындай ата-ене бұйырсын», «Нағыз үлгілі отбасы» деген пікірлер қалдырған көпшілік Айдарбековтер әулетіне ақ тілектерін арнады. Келінін қуантуға асыққан ата-ененің әрекетін өзгелерге үлгі еткендер де болды.

Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекова бизнесін сынаған кәсіпкерге жауап берді.

Гүлзира Айдарбекова кім?

Гүлзира Айдарбекова — продюсер, танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы. Ол ұлының өнер жолында қалыптасуына қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыстары мен концерттерін ұйымдастыруға атсалысқан. Көпшілікке Қайрат Нұртастың продюсері ретінде де таныс.

Жұбайы — Нұртас Айдарбеков. Ерлі-зайыпты Қайрат, Аян және Заңғар есімді үш ұл тәрбиелеп өсірген.

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасылық өмірінен, балалары мен немерелерінің қызықтарынан жиі бөліседі. Оның жазбалары мен отбасы туралы айтқан пікірлері оқырмандар арасында жиі талқыланады.