«Қартайғанша қасыңда болуға дайынмын»: Мөлдір Мұқанның Тұрсынбек Қабатовқа арнаған бұрынғы жазбасы

«Қартайғанша қасыңда болуға дайынмын»: Мөлдір Мұқанның Тұрсынбек Қабатовқа арнаған бұрынғы жазбасы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Мөлдір Мұқан 2019 жылы сол кездегі жұбайы, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың 40 жасқа толуына орай әлеуметтік желіде жылы лебізін жариялаған, деп хабарлайды ult.kz.

Ол құттықтауында күйеуін арқа сүйер азаматы әрі тірегі деп атап, оған деген сезімін жеткізген.

«Туған күніңмен, арқа сүйерім, азаматым, тірегім, жүрегім! Қалай жақсы көретінімді білсең ғой. 40 жас құтты болсын! 40+40 жыл бірге қол ұстасып, мәңгі бірге болуды нәсіп етсін. Қартайғанша қасыңда болып, айтқаныңды бұлжытпай орындауға дайынмын», – деп жазған Мөлдір Мұқан.

Бұл сөздер Мөлдір Мұқанның Тұрсынбек Қабатовқа 2019 жылы арнаған құттықтауынан алынған. Жазбада ол жұбайымен бірге қартайып, ұзақ жыл қол ұстасып өмір сүруге тілектестік білдірген.

Айта кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі күтпеген жаңалығын жариялады.

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан — қазақстандық продюсер, әнші және шығармашылық жобаларды ұйымдастырушы. Өнерге бала кезінен жақын болып, бауырларымен бірге «Мұқановтар» отбасылық ансамблінде өнер көрсеткен. Өзінің айтуынша, экономика факультетін үздік дипломмен тәмамдап, 21 жасынан мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Кейін өнер саласына бет бұрып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған өнер мектебін ашқан.

Ол концерттер мен түрлі жобаларды ұйымдастыруға атсалысып, «Шәй в большом городе» фильмінің продюсері болған.

Әншілік бағытта «Өтірік», «Өмір сүр қалма елден» туындыларын жарыққа шығарған. Көпшілікке әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде де таныс. Екеуінің бес баласы бар. Мөлдір Мұқан 2025 жылы Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын жариялаған.