Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын бақылайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды

Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасын бақылайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазандағы Жолдауында аталған «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында бюджет қаражатының жұмсалуын қадағалайтын арнайы мемлекеттік комиссия құруды ұсынды. Мемлекет басшысы бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

«28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын. Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер, журналистер кіреді», — деп атап өтті Президент.

Жаңа комиссия құрамына салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихат депутаттары, Халық Кеңесінің мүшелері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер мен журналистер кіреді. Аталған ауқымды бағдарлама елдегі инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған.