Ашық құдық көлігін бүлдірген: Қарағанды тұрғыны 597 мың теңге өтемақы алды

Ашық құдық көлігін бүлдірген: Қарағанды тұрғыны 597 мың теңге өтемақы алды
Baq.kz

Қарағандыда ауладағы қақпағы ашық құдыққа түсіп, көлігін зақымдаған жүргізуші сот арқылы 597 мың теңге өтемақы өндіріп алды. Сот қалалық құрылыс бөлімін шығынды өтеуге міндеттеді, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға биыл наурызда тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Құдықтың айналасында қоршау да, ескерту белгісі де болмаған. Салдарынан көлік зақымданып, оны жөндеуге 597 мың теңге жұмсалған.

Жүргізуші қалалық құрылыс бөлімі мен жылумен қамту мекемесінен өтемақы талап етіп, сотқа жүгінген. Сот фото-бейнематериалдар мен жөндеу шығындарын растайтын құжаттарды зерттеп, жауапкершілікті қалалық құрылыс бөліміне жүктеді.

Нәтижесінде жүргізушінің талабы қанағаттандырылып, 597 мың теңге өндіру туралы шешім шығарылды. Ал жылумен қамту мекемесіне қатысты талап қабылданбады.