30 қазан күні ауа райы қандай болады?

30 қазан күні ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

30 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі. Солтүстік пен шығыста көктайғақ болуы мүмкін, ал батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада түнде аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде −4…−2°C, күндіз +7…+9°C болады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2–7, күндіз 5–10 м/с-қа жетеді. Алматыда жауын-шашын күтілмейді: түнде +1…+3°C, күндіз +12…+14°C. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Шымкентте де күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде +4…+6°C, күндіз +17…+19°C болады. Солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы — 2–7 м/с. 

Елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігі мен орталығында жаңбыр мен қар күтіледі. Шығыста жауын-шашын мол түсуі мүмкін. Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, Түркістан облысының батысында және Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде −1…−9°C үсік болжанады. Бірқатар өңірде тұман түсіп, жел күшейеді.