Қазақстанда АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 2026 жылғы 29 қазанда еліміздің айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің бағасы әр қалада әртүрлі қалыптасты, деп хабарлайды ult.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметінше, 29 қазанда АҚШ долларының ресми бағамы 457,09 теңгені құрады. Еуро 508,42 теңге, ал Ресей рублі 5,67 теңге болып белгіленді. 28 қазандағы сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 1,1 теңгеге көтерілген.
Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 451,85 теңгеден сатып алып, 458,85 теңгеден сатты. Еуроны сатып алу бағамы 502,88 теңге, сату бағамы 512,88 теңге болды. Ал рубльді 5,43 теңгеден қабылдап, 5,63 теңгеден сатты.
Алматыда долларды сатып алудың орташа бағасы 453,65 теңге, ал сату бағасы 456,08 теңге болды. Еуроны айырбастау орындары 505 теңгеден сатып алып, 507,96 теңгеден сатты. Ресей рублінің сатып алу бағамы 5,37 теңге, сату бағамы 5,49 теңге деңгейінде қалыптасты.
Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 454,61 теңгені, сату бағамы 456,50 теңгені құрады. Еуро 506,23 теңгеден сатып алынып, 510 теңгеден сатылды. Рубльдің сатып алу бағамы 5,42 теңге, ал сату бағамы 5,48 теңге болды.