Ақтөбеде қызды интимдік суреттерімен бопсалаған жігіт ұсталды

Ақтөбеде қызды интимдік суреттерімен бопсалаған жігіт ұсталды
polisia.kz

Ақтөбеде бұрын кездескен қызын интимдік фото-видеоларын жариялаймын деп қорқытып, ақша талап еткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті бір ай бұрын танысып, жақын қарым-қатынаста болған 21 жастағы қала тұрғынын бопсалаған. Алдымен одан 30 мың теңге алған. Кейін қысымын жалғастырып, тағы 70 мың теңге талап еткен.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктіні ақшаның екінші бөлігін алу кезінде ұстаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.