Қарағандыда қалдық төккен кәсіпорынның көлігі айыптұраққа қойылды

Қарағандыда қалдық төккен кәсіпорынның көлігі айыптұраққа қойылды
Polisia.kz

Қарағандыда сұйық қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Арнайы ассенизаторлық көлік айыптұраққа қойылды, деп хабарлайды ult.kz.

Заңбұзушылықты Киров полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде анықтаған. Полицейлер қалдық төгуге арналмаған жерде арнайы көліктің сұйық қалдықтарды төгіп жатқанын байқаған.

Тексеру қорытындысы бойынша көлік иесі мен қалдықтарды тасымалдаушы компанияға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Сонымен қатар арнайы техника берешек толық өтелгенге дейін айыптұраққа қойылды.