Алматыда бұрынғы әйелінің қолынан зорлық-зомбылық көрген ер адам полицияға арызданғанымен, ісі ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған, деп хабарлайды EGOV.PRESS telegram арнасына сілтеме жасап ult.kz.
Басылымның жазуынша бұрынғы әйелі оны аяусыз ұрып-соққан. Ер адам болған оқиғаны видеоға түсіріп, полицияға арыз берген. Алайда істі қарау созылып, мәселе ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған.
Ал әйелдің өзі полиция шақырғаннан кейін жағдай күрт өзгерген. Ер адам жедел түрде ұсталып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынған.
Осы оқиғаға қатысты істің мән-жайы мен полицияның әрекетіне ресми түсініктеме әзірге белгісіз.