Павлодарда сепаратистік видео жариялаған әйел ұсталды

Павлодарда сепаратистік видео жариялаған әйел ұсталды
Видеодан скриншот

Павлодар облысында сепаратистік сипаттағы видео жариялады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әйелдің қазақ халқына тіл тигізіп, Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты пікір айтқан видеосы тараған еді.

ҰҚК мәліметінше, әйел 28 қазанда прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ұсталған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті бұған дейін есірткі сатқаны үшін сотталған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбады.