Танымал актриса Дариға Бадықова әріптесі, актер Олжас Абайдың өнеріне жоғары баға беріп, оның актерлік шеберлігіне тәнті екенін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі Олжас Абайдың кез келген кейіпкерді шынайы сомдай алатынын айтып, кәсіби қабілетін ерекше атап өтті.
«Олжас, сен мықты актерсің. Кез келген рөлді шыңына жеткізіп ойнайсың. Мақтағаным емес. Бірақ сен өте мықтысың», – деді Дариға Бадықова.
Актрисаның бұл сөзінен әріптесінің талантына деген құрметін аңғаруға болады. Ол Олжас Абайдың түрлі образды нанымды жеткізе алатын актер екенін атап, оның шығармашылығына жоғары баға берді.
Айта кетейік, Олжас Абай бұрынғы некесі туралы айтты.
Дариға Бадықова кім?
Дариға Бадықова – қазақстандық танымал актриса, продюсер әрі сценарист. Ол театр және кино саласында еңбек етіп, комедиялық және драмалық рөлдері арқылы көпшілікке танылды. Өнер иесі кейіпкерлерінің мінезін шынайы жеткізуімен және ерекше әзіл мәнерімен көрермен ықыласына бөленген.

Актриса отандық киноиндустрияда өзіндік орны бар өнер иелерінің бірі. Ол актерлік қызметпен қатар, фильмдер түсіру және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру бағытында да жұмыс істейді.

Дариға Бадықова 1985 жылы 1 желтоқсанда Жамбыл облысының Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Музыкалық драма және режиссура» мамандығы бойынша білім алған. Шығармашылық жолын Болат Атабаевтың «Ақсарай» музыкалық театрында бастаған. Кейін «Ғашық жүрек», «Тракторшының махаббаты» және «Қазақша бизнес» жобаларына түскен. Әсіресе, «Келінжан» телехикаясындағы Айсара рөлі оған кеңінен танымал болуға мүмкіндік берді. 2023 жылы «Таптым-ау сені» фильмін жарыққа шығарып, онда Олжас Абаймен бірге басты рөлді сомдады. Кейін аталған фильмнің жалғасын түсіріп, продюсерлік жұмысын жалғастырды. Ұлт порталы +2