Астанада екі шетелдік ұсталып, есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Астанада екі шетелдік ұсталып, есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Polisia.kz

Астанада есірткіні заңсыз сақтап, таратты деген күдікпен 21 және 37 жастағы екі шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер мінген «Changan» көлігінің салонынан чемодан табылған. Оның ішінен есірткіге ұқсас зат салынған үш пакет пен капсулаларға құйылған сұйықтық анықталды. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің сөмкесінен де осыған ұқсас заттар табылған.

Жалпы, бір келіден астам зат тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.