Астанада сүйіктісіне ұсыныс жасау үшін саябақта салют атқан 24 жастағы азамат 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, оқиға түнгі сағат 01:20 шамасында Жұмабек Тәшенов көшесіндегі Ататүрік саябағында болған. Нұркен Төремұратов романтикалық ұсыныс жасау кезінде пиротехникалық бұйымдарды қолданып, қоғамдық тәртіп талаптарын бұзған.
Осы дерек бойынша оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 436-бабының 2-бөлігімен хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Сот шешімімен азамат 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.