«Ставканы туысым тіккен»: Оралда шенеунік 3,8 млн теңгелік бәс үшін қызметінен айырылды

«Ставканы туысым тіккен»: Оралда шенеунік 3,8 млн теңгелік бәс үшін қызметінен айырылды
complaneta.ru

Оралда букмекерлік платформада 3,8 миллион теңгеден астам сомаға бәс тігілген мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылуына байланысты сотқа шағымданды. Ол ставкаларды өзі емес, аккаунтына қол жеткізген туысы жасағанын айтқан. Алайда сот оның талаптарын қанағаттандырмады, деп хабарлайды ult.kz.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылы ер адамның атына тіркелген аккаунт арқылы 260 бәс тігілген. Жалпы сомасы 3,8 миллион теңгеден асқан.

Шенеунік жұмыстан босату туралы бұйрықтарды заңсыз деп танып, қызметіне қайта оралуды және моральдық өтемақы төлеуді талап еткен. Бірақ сот аккаунтты басқа адамға пайдалануға беру мемлекеттік қызметшіні заң талаптарын сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтті.

Сот барлық талапты қанағаттандырудан бас тартты. Шешім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Жетісу облысында құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқан екі шенеунік те жұмыстан босатылған. Олардың ойын шоттарын толықтырған қаражаты 7,7 миллион теңгеден асқан.

Еске салайық, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге және заңда көрсетілген бірқатар санаттағы азаматтарға құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.