Алматыда көшеде қару алып жүрген ер адам ұсталды

Алматыда көшеде қару алып жүрген ер адам ұсталды
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі

Алматының 10-шағын ауданында қару алып жүрген күдікті ер адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полицияның мәліметінше, оқиға 28 қазанда сағат 21:00 шамасында болған. Патрульдік полицияның «Буран-355» экипажы күдік тудырған ер адамды тексерген кезде, ол өзімен бірге қару бар екенін айтқан.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген зат — 9 мм калибрлі травматикалық қару болуы мүмкін.

Қазір қарудың шығу тегі мен сипаттамаларын анықтау үшін сараптама тағайындалды. Сондай-ақ оның өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Аталған дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріледі.