Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Астанада Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылды
aikyn.kz

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның жеке басы анықталды, деп хабарлайды ult.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, марқұм 54 жастағы елорда тұрғыны болған. Алдын ала тексеру кезінде оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.