31 қазанда Астанада биылғы соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

31 қазанда Астанада биылғы соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
gov.kz

31 қазанда Астанада биылғы жылдың соңғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды ult.kz.

Жәрмеңке «Қазанат» ипподромының аумағында өтеді. Онда Ақмола облысының 20 ауданынан келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өз өнімдерін ұсынады.

Келушілер ет, сүт өнімдері, көкөніс, жұмыртқа және басқа да азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Фермерлер жәрмеңкеге жалпы көлемі 497 тонна өнім жеткізуді жоспарлап отыр.

Жәрмеңке Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.