Алатау қаласында прокуратура өмір бойы жеке басын куәландыратын құжаты мен жеке сәйкестендіру нөмірінсіз (ЖСН) өмір сүрген 46 жастағы әйелдің құқығын қорғады, деп хабарлайды ult.kz.
Анықталғандай, әйел 1980 жылы дүниеге келгенімен, анасы оның тууын АХАТ органдарында тіркемеген. Кейін құжаттарын сотқа дейінгі тәртіппен қалпына келтіру мүмкін болмаған. Себебі сол кезеңдегі медициналық архивтер сақтау мерзімі аяқталған соң жойылған.
ЖСН-і болмағандықтан, әйел сотқа өз бетінше жүгіне алмаған. Ал бұған дейін әпкесінің атынан берілген өтініш қанағаттандырылмаған.
Осыған байланысты Алатау қаласының прокуратурасы азаматшаның құқықтарын қорғау мақсатында сотқа оның туу фактісін анықтау туралы талап арыз түсірген.
Сот талапты қанағаттандырды. Енді әйел жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеп, медициналық көмек алуға, ресми жұмысқа орналасуға және әлеуметтік қолдауды пайдалануға мүмкіндік алады.