Астанада шетелдіктерден бір келіден астам есірткі тәркіленді

Астанада шетелдіктерден бір келіден астам есірткі тәркіленді
видеодан скриншот

Астанада есірткі сақтады және таратты деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды. Бұл туралы елордалық полиция мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 21 және 37 жастағы екі ер адамның мінген Changan автокөлігі тексерілген.

Көлік салонынан үш пакетке салынған белгісіз зат пен сұйықтық құйылған капсулалар салынған чемодан табылды. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің сөмкесінен осындай заттар анықталған.

Тәркіленген заттардың жалпы салмағы бір келіден асқан. Барлығы сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.