Жаңаөзенде төрт тонналық мұнай өнімі жасырылған база анықталды

Жаңаөзенде төрт тонналық мұнай өнімі жасырылған база анықталды
Polisia.kz

Жаңаөзенде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Полицейлер жеке база аумағынан мұнай өнімдері құйылған төрт тонналық ыдысты тәркілеген, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы арнайы бөлімше қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шара жүргізген.

Тексеру барысында Жаңаөзен қаласындағы Рауан шағынауданының өнеркәсіптік аймағында орналасқан жеке базадан заңсыз мұнай өнімдері анықталған. Нысан аумағында жүрген ер адам ұсталып, төрт тонналық ыдыс тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 233-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тәркіленген мұнай өнімдерінің шығу тегі мен заңсыз айналымға қатысы бар өзге де мән-жайлар анықталып жатыр.