Әнші Меруерт Түсіпбаева мен актер Бақтияр Қожаның бірге түскен фотолары желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды ult.kz.
Қос өнер иесі сән үйінің жарнамалық түсіріліміне қатысып, ұлттық нақыштағы киімдерді таныстырған. Әлеуметтік желіде жарияланған кадрлар оқырмандардың түрлі пікіріне арқау болды.
Бірқатар қолданушы әнші мен актердің бір-біріне жарасымды көрінетінін айтып, жылы лебізін білдірген. Олардың арасында «Екеуі жарасып тұр», «Екі жарты бір бүтін», «Жарасымды жұп шығады» деген пікірлер бар.
Ал кей оқырман Бақтияр Қожаның отбасылы екенін еске салған. Дегенмен көпшілік талқылаған суреттер сән үйінің жарнамасы аясында түсірілген.
Айта кетейік, Меруерт Өтекешова әйгілі әнші туралы айтты.
Меруерт Түсіпбаева кім?
Меруерт Түсіпбаева — қазақстандық эстрада әншісі, театр және кино актрисасы. Павлодар облысының Баянауыл өңірінде дүниеге келген.

1995 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер оқу орнын музыкалық театр актері мамандығы бойынша, Тілектес Мейрамовтың класында бітірген.

Еңбек жолында Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында жұмыс істеп, «Ұлпан мен Есеней», «Алтын сақа», «Сократ» қойылымдарына қатысқан. Көпшілікке «Қимай сені барамын» әнімен танылды. Бұл әнге түсірілген бейнебаяны 1996 жылы «Алтын жұлдыз» байқауында үздік жұмыстардың қатарына енген.