Әзілкеш әрі актер Жанболат Найзабеков тележүргізуші Динара Сәтжанға әзіл аралас өтініш айтып, жұбайы Жұмабек Жанықұлмен кездесу ұйымдастыруды сұрады, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі «Бауыр» фильмінің прокатқа шығуына орай Жұмабек Жанықұлға жолыққысы келетінін жеткізген. Алайда кездесу мақсатын өзінше қалжыңмен түсіндірді.
«Динара, менің “Бауыр” деген кином 5 қарашадан бастап шығады. Соған 3 қарашада барып, ағаға құлағымды шеркізіп алсам, бос па екен?» – деді әзілкеш.
Динара Сәтжан да қалжыңды іліп әкетіп, «құлақ шертуге» тапсырыс көп екенін айтқан. Бұл жауапқа тоқтай қоймаған Жанболат: «Онда көзімді шұқып бере ала ма?» – деп әзілін жалғастырды. Тележүргізуші оған «Көз шұқу қымбат болады» деп жауап берді.
Екеуінің қағытпа әзілі желі қолданушыларын күлдіріп, жазба астына түрлі пікірдің жазылуына себеп болды.
Айта кетейік, Жанболат Найзабеков ауыр оқиғаны айтты.
Динара Сәтжан кім?
Динара Сәтжан — қазақстандық журналист, тележүргізуші және кәсіпкер. Ол «Хабар» арнасындағы «Таң қалма!» бағдарламасы арқылы көпшілікке танылды. Әр жылдары телевизиялық жобаларға қатысып, қоғам, мәдениет және сән тақырыптарын қозғаған.

Журналистикамен қатар сән саласында кәсіп жүргізіп, өз атымен киім брендін дамытқан.

Әлеуметтік желіде сұхбаттары, жеке пікірлері және өмір салты туралы жазбаларымен бөліседі.