Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады, деп хабарлайды ult.kz.
Мерекелік концертте «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі ұйымға мүше мемлекеттердің таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.
Сондай-ақ көрермендер түркі халықтарының ұлттық билерін тамашалады. Іс-шара барысында Түркияның танымал әншісі Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Қазақстандық әншінің өнері концерт қонақтарының ерекше ықыласына бөленді.

Фото: Ақорда баспасөз қызметінен