Республика күні қарсаңында Президент елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында театр және кино актері Дәурен Серғазин де бар. Мемлекет басшысы оған «Құрмет» орденін табыстады, деп хабарлайды ult.kz.
«Өнер саласында жүргеніме биыл 20 жыл толды. Бұл марапатты сол еңбегімнің қорытындысы деп білемін. Марапат жауапкершілікті одан әрі арттырып, Қазақстан халқына мәдениет саласында қызмет етуге жаңа күш-жігер береді. Сондықтан өте қуаныштымын. Барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтаймын! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын! Әр шаңыраққа жақсылық тілеймін. Әр азамат еліміздің дамуына өз үлесін қосса, нұр үстіне нұр болар еді», - деді Дәурен Серғазин "Qazaqstan" ұлттық арнасына берген сұхбатында.
Дәурен Серғазин кім?
Дәурен Серғазин — қазақстандық театр және кино актері, театр режиссері әрі тележүргізуші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Туған күні: 6 қазан 1984 жыл
Туған жері: Теміртау қаласы
Өнер жолы
Білімі: 2002–2006 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік өнер мамандығын оқыған. Ұстазы — Нұрқанат Жақыпбай.
Театр: 2007 жылдан бастап Астанадағы «Жастар» театрында еңбек етеді.
Кинодағы танымал рөлдері: «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сәбит, «Алдар көсе» туындысындағы Алдар көсе, «Қара шаңырақ» телехикаясындағы Мәди.
Марапаттары: 2018 жылы «Сахнагер» ұлттық театр сыйлығында «Жылдың үздік актері» атанып, сол жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алған.
Дәурен Серғазин комедиялық және драмалық рөлдерді сомдап қана қоймай, театр қойылымдарын да сахналайды. Ол көрерменге «Брат или брак» фильмдер сериясы арқылы да таныс.