Қазақстандық актер Әшім Ахметов Республика күні қарсаңында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл туралы актер Threads парақшасында жазды, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі марапатын әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісіп, еңбегінің еленгеніне қуанышты екенін жеткізді.
«Еңбегіміз еленіп жатқанына қуаныштымын. Алар асуымыз әлі алда», – деп жазды Әшім Ахметов.
Әшім Ахметов кім?
Әшім Ералыұлы Ахметов (1991 жылы 13 наурызда Алматыда туған) — танымал қазақстандық кино және театр актері, режиссер әрі педагогика саласының маманы. Ол Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі және сол жерде ұстаздық етеді.
Өмірбаяны мен білімі
• Туған күні: 13 наурыз 1991 жыл (Алматы қаласы).
• Білімі: Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА (бакалавр 2009–2013, магистратура 2014–2016), Нью-Йорктегі EF International мектебі (2013–2014).
• Ұстазы: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рахилям Машурова.
• Қызметі: ҚазҰӨА «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасының оқытушысы және ARTis school актерлік мектебінің нұсқаушысы.
Негізгі фильмографиясы
• «Ограбление по-казахски» (2013) — Мурик
• «Тараз» (2016)
• «Хотя бы в кино» (2022)
• «Борец. Кажымукан – чемпион мира» (2024)
• «ErkeБай» (2024)
• «Қораға Кірдік» (2024)
• «Жеті қарақшы»
Айта кетейік, Республика күні қарсаңында елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына үлес қосқан бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
