Жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылса да, мас күйінде рөлге отырған

Жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылса да, мас күйінде рөлге отырған
Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында мас күйінде көлік басқарған 39 жастағы ер адам қайта ұсталды. Ол бұған дейін де осы құқықбұзушылығы үшін жауапқа тартылып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция қызметкерлері Абай көшесінде Toyota Camry Gracia автокөлігін тоқтатқан. Медициналық куәландыру жүргізушінің орташа дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғанын растады.

Тексеру барысында ер адамның 2020 жылы да мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Сол кезде сот оны жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырған.

Алайда сот шешіміне қарамастан, ол қайтадан мас күйінде рөлге отырған. Қазір жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.