Назым Қаһарман өмірбаяндық кітап шығармақ. Онда Бишімбаевтың жеке өміріне қатысты тың деректер болуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қаһарманның айтуынша, туынды қазір баспа қарауында жатыр. Кітаптың таныстырылымын осы жылдың күзінде өткізу жоспарланған. Автор еңбегінің автофикшн жанрында жазылғанын атап өтті. Яғни шығарма шынайы оқиғаларға негізделгенімен, көркем әдебиет элементтері де қолданылған.
Назым Қаһарман кітапта бұрынғы жұбайының көіңіл жарастырған әйелдері және жеке өміріне қатысты жайттарға да тоқталатынын айтты. Оның сөзінше, аталған адамдардың тек есімдері ғана көрсетіліп, өзге жеке деректері жарияланбайды.
Сондай-ақ ол кітапта келтірілген мәліметтерге байланысты қандай да бір талап-арыздар түссе, өз ұстанымын дәлелдеуге дайын екенін жеткізді. Айтуынша, өзінде бұрынғы күйеуіне қатысты хат-хабарлар мен басқа да дәлелдер сақталған.