Танымал продюсер Мөлдір Мұқан денсаулығына қатысты жазба жариялап, дәрігерге қаралуына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі Instagram парақшасындағы сторисінде стоматологиялық емханаға барған сәтінен сурет жариялаған. Оның айтуынша, күнделікті қарбалас тіршіліктің салдарынан адам кейде өз денсаулығына жеткілікті көңіл бөлмей қалады.
"Шабыс деп жүріп денсаулыққа қарамай кетіп жатамыз. Тісім сыздап, емге келдім. Отбасымызбен Алтай дентте емделіп жүргенімізге 8 жылдан асыпты", - деп жазды Мөлдір Мұқан.
Продюсер тісінің ауырғанын айтып, уақыт тауып дәрігерге қаралғанын жеткізді. Сондай-ақ отбасы мүшелерімен бірге сегіз жылдан астам уақыт бойы бір стоматологиялық емхананың қызметіне жүгініп жүргенін атап өтті.

Айта кетейік, Мөлдір Мұқанның экс-енесімен суреті тарады.
Мөлдір Мұқан кім?
Мөлдір Мұқан (Мұқанова) – қазақстандық продюсер, әнші, актриса және кәсіпкер. Ол көпшілікке танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде де белгілі. Екеуінің ортақ бес баласы бар.
Мөлдір Мұқанның негізгі мамандығы – экономист. Жоғары оқу орнын үздік дипломмен тәмамдап, 21 жасынан бастап мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Өнерге бала кезінен жақын болып, бауырларымен бірге «Мұқановтар» отбасылық ансамблінде өнер көрсеткен. Баян, домбыра және фортепианода ойнайды.
Төртінші баласы дүниеге келгеннен кейін мемлекеттік қызметтен кетіп, балаларға арналған «ММ» өнер мектебін ашқан. Кейін продюсерлікке бет бұрып, әнші әрі домбырашы Ақтоты Болышевамен жұмыс істеген.
2025 жылы «Шәй в большом городе» толықметражды фильмінің продюсері болды. Сонымен қатар әншілік қырын танытып, «Өтірік», «Өмір сүр қалма елден» әндерін жарыққа шығарды. 2025 жылы Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасқанын жариялады. Қазір шығармашылық жобаларын дамытып, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүр.