Ақтөбеде жиһаз жасаймын деп 3 млн теңгеден астам ақша алған: тағы 15 дерек тексеріліп жатыр

Ақтөбеде жиһаз жасаймын деп 3 млн теңгеден астам ақша алған: тағы 15 дерек тексеріліп жатыр
0332.ua

Ақтөбеде жиһаз жасап беремін деп тапсырыс берушінің ақшасын иемденді деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Полиция оның осыған ұқсас тағы 15 дерекке қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті тапсырыс берушілердің бірінен жиһаз дайындау сылтауымен 3 млн теңгеден астам ақша алған.

Қазір полиция істің мән-жайын анықтап, ықтимал зардап шеккендерді іздестіріп жатыр.

Құқық қорғау органдары азаматтарға жиһазға тапсырыс бергенде орындаушыны алдын ала тексеріп, жұмыс мерзімі, құны мен төлем тәртібі көрсетілген жазбаша келісімшарт жасауды ескертеді. Ақша аударылғанын растайтын құжаттарды да сақтау қажет.