Петропавлда кәсіпорын қызметкері жалған ақшаны қайтару операцияларын рәсімдеп, кассадан 18 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды ult.kz.
Сот мәліметінше, ер адам бұрын орындалған тапсырыстар үшін ақшаны қайтарғандай көрсеткен. Алайда клиенттер тапсырыстарын жоймаған әрі қаражаттарын алмаған. Қызметкер ақшаны кассадан қолма-қол алып отырған.
Оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, «1С» бағдарламасының деректерімен, сараптама қорытындыларымен және бейнежазбамен дәлелденген.
Бірінші сатыдағы сот ер адамды 8 жылға бас бостандығынан айырып, материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салған. Сотталған азамат жазаны жеңілдетуді сұрап, кассациялық шағым түсірген.
Алайда кассациялық сот оның уәждерін қабылдамай, бұрынғы үкімді өзгеріссіз қалдырды.